• 1.jpg
  • 2.jpg
  • 3.jpg
  • 4.jpg
  • 5.jpg
  • 6.jpg
  • 7.jpg

   2019 жылғы 15 шілдеде Инвесторлар үйінде «Павлодар» ӘКК» АҚ қатысуымен Цзянсу провинциясы Ляньюньган қаласының  «Xiushou ecological agriculture» қытайлық компаниясымен келіссөздер өтті.  Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Келіссөздер нәтижесінде қытайлық тарапқа дәнді-дақылдар және ұн өткізу туралы өзара тиімді шешім қабылданды:  200,0 мың тонна бидай, қарақұмық - 200,0 мың тонна, 100,0 мың тонна ұн. Бұған қоса, қытайлық тарап 400,0 тонна жүгері сатып алуға ниетті екенін білдірді, Бұл кездесу табысты ынтымақтастыққа серпін ерді,  мұндай тәжірибе біздің фермерлерге пайдалы болатыны белгілі.