• 1.jpg
  • 2.jpg
  • 3.jpg
  • 4.jpg
  • 5.jpg
  • 6.jpg
  • 7.jpg

   

2019 жылғы 12-13 қыркүйекте  ЭКСПО Конгресс-орталығында Қазақстан машина жасаушыларының VII Форумы өтеді.

      Іс-шараны ұйымдастырушылар ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Қазақстанның машина жасаушылар одағы.

   Форум жұмысына ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, ҚР Энергетика, Сыртқы істер және білім және ғылым министрліктерінің өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Атамекен» ҰКП, Самұрық-Қазына ҰӘҚ басқарма төрағалары, ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары және басқалар қатысады.

      Форумның мақсаты: машина жасау саласын дамытудың стратегиялық бағыттарын талқылау, саланы дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу, импорт алмастыру мәселелерін талқылау, өндірісті ынталандыру бойынша ұсыныстар әзірлеу, осы саладағы жас мамандардың мәртебесін арттыру, цифрландыру жағдайында отандық өндірісті дамытудың жаңа тәсілдерін талқылау.

       Пленарлық сессиялар шеңберінде мұнай-газ, ауыл шаруашылығы, тау-кен металлургиялық, теміржол және электротехникалық машина жасау мәселелері талқыланады.

       Форум шеңберінде отандық тауар өндірушілердің көрмесі өтеді.

        Іс-шара туралы толық ақпаратпен форум сайтында танысуға болады: www.smkz.kz.

Ескерту, осы сайтта форум қатысушыларын электрондық тіркеу мүмкіндігі бар.

Форум жұмысына қатысуға шақырамыз.