• 1.jpg
  • 2.jpg
  • 3.jpg
  • 4.jpg
  • 5.jpg
  • 6.jpg
  • 7.jpg

   2019 жылғы 12-13 қыркүйекте  Нұр-Сұлтан қаласында «Отандық машина жасауды дамыту: жаңа уақыт талабы» тақырыбына Қазақстан машина жасаушыларының VII Форумы өтті. Іс-шараны ұйымдастырушылар ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Қазақстанның машина жасаушылар одағы.

   Форумға облыстың машина жасау кәсіпорындары қатысты: «ERG Serviсе» АҚ филиалы - Павлодар машина жасау зауыты, «Қазэнергокәбіл» АҚ, «Проммашкоплект» ЖШС, ТПБ «Агромир» ЖШС, «Проманалит» ЖШС, «КВК» ЖШС, «Format Mach Company» ЖШС, «Green Techology north» ЖШС, «Гидропривод» ЖШС, «Павлодарский завод Темирмаш» ЖШС, «R.W.S. Concrete» ЖШС,  «R.W.S. Wheelset» ЖШС және т.б.

   Форум шеңберінде Пленарлық отырыс өтті, онда машина жасау саласын дамытудың стратегиялық бағыттары, өндірісті ынталандыру, импорт алмастыру мәселелері, цифрландыру жағдайында отандық өндірісті дамытудың жаңа әдістері  талқыланды.

   Пленарлық отырыс шеңберінде «Құрметті машина жасаушы» төсбелгісімен марапаттау салтанаты болып, Павлодар облысынан «Проммашкомплект» ЖШС жетекшті инженер-конструктор А.Д.Чернобаев марапатталды.

   Форум шеңберінде тауар өндірушілердің көрмесі ұйымдастырылды, облыстан «Қазэнергокәбіл» АҚ өз өнімдерін көрсетті.