• 1.jpg
  • 2.jpg
  • 3.jpg
  • 4.jpg
  • 5.jpg
  • 6.jpg
  • 7.jpg

   Бүгін, 22 қазан күні Павлодар қаласына екі күндік сапармен Қазақстан Республикасындағы Чех Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Рудолф Гикл келді.

   Чех Республикасы - Еуропалық Одақтағы экономикасы қарқынды өсіп келе жатқан ел. Посткоммунистік мемлекеттер арасында Чехия ең тұрақты және табысты экономикалық жүйелердің біріне ие.

   Шетелдік қонаққа «Павлодар» АЭА аумағындағы кәсіпорындарға бару, инвесторлар үйі бойынша экскурсия, ПМУ ғалымдарымен кездесу ұйымдастырылды.

   Сапар шеңберінде сауда, инвестиция, аэротранспортты, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын дамыту саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылау үшін облыс әкімімен кездесу қарастырылған.