• 1.jpg
  • 2.jpg
  • 3.jpg
  • 4.jpg
  • 5.jpg
  • 6.jpg
  • 7.jpg

   Павлодар облысының делегациясы 2019 жылғы 6-7 қарашада Омбы қаласында өткен «Шекаралық ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелері» атты Қазақстан мен Ресей аймақаралық ынтымақтастығының XVI Форумына қатысты.

   Форум шеңберінде 4 өңіраралық құжатқа қол қойылды:

   Коммерциялық келісімдер:

    - «Газпром нефть» ЖАҚ, «Омбы мемлекеттік техникалық университеті» Федералдық мемлекеттік бюджеттік жоғары білім беру       мекемесі мен «С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК арасындағы ынтымақтастық туралы келісім»;

   - «Газпромнефть-ОНПЗ» АҚ және «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС арасындағы Ынтымақтастық туралы келісім»;

   Ресми келісімдер:

   - Павлодар облысының әкімдігі (Қазақстан Республикасы) мен Қорған облысының Үкіметі (Ресей Федерациясы) арасындағы сауда- экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық және өзге  салалардағы  ынтымақтастық туралы келісім; 

   - Қазақстан Республикасы Павлодар облысының әкімдігі мен Ресей Федерациясы Новосібір облысының әкімшілігі арасындағы Сауда-экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары.