• 1.jpg
  • 2.jpg
  • 3.jpg
  • 4.jpg
  • 5.jpg
  • 6.jpg
  • 7.jpg

   2020 жылғы 24 ақпанда облыс әкімі А. Б. Сқақовтың Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесуі өтті.

   Кездесу барысында тараптар сауда, инвестиция, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады.

   Корейлік тарапқа өңірдің инвестициялық ахуалы, сондай-ақ перспективалы инвестициялық жобалар таныстырылды.

   Сапар шеңберінде Елші мырза С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде барып Корея тарихы туралы студенттерге дәріс оқыды.

   Сондай-ақ, елші мырза Павлодар облысының «Қазақстан кәрістері қауымдастығы» ҚБ филиалы төрағасының орынбасары Р. С. Афанасьевамен кездесті.