• 1.jpg
  • 2.jpg
  • 3.jpg
  • 4.jpg
  • 5.jpg
  • 6.jpg
  • 7.jpg

   Алматы қаласында 2019 жылғы 20-22 қарашада Central Asia Plast World пластмассасынан бұйымдар шығаруға арналған Пластмасса, шикізат және технологиялар индустриясының 11-ші халықаралық көрмесі өтеді.

   Аталған көрме шеңберінде В2В бірыңғай алаңында әлемнің жетекші компанияларынан пластмасса өндірісінің жаңа технологиялары мен шешімдері ұсынылады.

   Көрмеге Қазақстан, Ресей, Беларусь, Германия, Польша, Италия, Швейцария, Корея, Түркия, Қытай, Украина, Иран, Үндістаннан және т.б. компаниялар қатысады.

   Көрме қажетті шикізатты, жабдықтарды және пластиктен жасалған дайын өнімді экспоненттерден сатып алуға мүмкіндік береді.

   Көрменің негізгі тақырыптық бөлімдері:

    - Пластмасса, орау және каучук өндіруге арналған жабдықтар

    - Шикізат және қосалқы материалдар

    - Пресс-нысандар

    - Жылу және бақылау жабдығы

    - Гидравликалық және пневматикалық бұйымдар

    - Қалдықтарды қайта өңдеу

    - 3D басып шығару

    - Аддитивті өндіріс

   Өтетін орны: Алматы қ., МВО «Атакент», 10-павильон.

   Сайтқа тіркелу: plastworld.kz