• 1.jpg
  • 2.jpg
  • 3.jpg
  • 4.jpg
  • 5.jpg
  • 6.jpg
  • 7.jpg

    Павлодар облысының делегациясы Петропавловск қаласында 8-9 қарашада «Қазақстан мен Ресей туризмін дамытудағы жаңа әдістер мен беталыстар» тақырыбы аясында өткен Қазақстан мен Ресей аймақаралық ынтымақтастығы XV Форумына қатысты.

    Форумның бірінші күні облыс делегациясы облыс әкімінің орынбасары Ж.С. Шарабасовтың басшылығымен «Мунаймаш» ҰК АҚ базасында өткен көрмені аралады. СҚО тамақ өнеркәсібі мен халық тұтынатын тауарлар саласындағы жетекші кәсіпорыны «Радуга» ЖШС өндірісімен танысты.

    Форум шеңберінде Павлодар облысы мен Тюмень облысының басшылары ҚР Павлодар облысының әкімдігі мен РФ Тюмень облысының Үкіметі арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік-мәдени салаларда ынтымақтастық туралы Келісімге қол қойды.