• 1.jpg
  • 2.jpg
  • 3.jpg
  • 4.jpg
  • 5.jpg
  • 6.jpg
  • 7.jpg

    Павлодар облысының делегациясы а.ж. 15 қарашада Шымкент қаласында өткен Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы өңіраралық ынтымақтастықтың алғашқы форумына қатысты.

    Форум шеңберінде Павлодар облысының әкімі Б.Ж. Бақауовтың басшылығымен облыс делегациясы «Шымкент Темир» металлургиялық өнеркәсіп кәсіпорнында болды.

    Ұн, сүт пен етті қайта өңдеудің жоғары өнімділігімен және технологиясымен жетекші кәсіпорын «Алтын-Дан» ЖШС-пен танысты.

    Өңірдің өнеркәсіп және АӨК кәсіпорындары Қазақстан мен Өзбекстанның «Көрме» көрме кешенінде өнеркәсіп және ауылшаруашылық өнімі көрмесіне қатысты.

    Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық салаларда, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешені мен суды пайдаланудың тиімді әдістерін енгізуде ынтымақтастық әлеуеті мәселелерін талқылады.