• 1.jpg
  • 2.jpg
  • 3.jpg
  • 4.jpg
  • 5.jpg
  • 6.jpg
  • 7.jpg

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 қарашадағы «Павлодар» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Жарлығына сәйкес облыста арнайы экономикалық аймақ құрылды. АЭА жалпы аумағы  3300 га құрайды, соның ішінде 2100 га - өнеркәсіптік ағындыларды жинақтаушы "Былқылдақ" көлі.

АЭА құрудың негізгі мақсаты:

      1) химия, мұнай-химия салаларын, атап айтқанда жоғары технологиялық экологиялық қауіпсіз қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып, қосымша құны жоғары экспортқа бағдарланған өнімдер өндірісін дамыту;

      2) шикізатты тереңдете өңдеу және қосымша құны жоғары бәсекеге кеңінен қабілетті өнімді шығару бойынша химия, мұнай-химия салаларын құру мен дамыту жөніндегі серпінді инвестициялық жобаларды, ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық инновациялық жобаларды әзірлеу және іске асыру;

      3) өндіру мен өткізудің бүкіләлемдік жүйесіне қазақстандық өнімнің интеграциялануын жүзеге асыру, халықаралық стандарттарға сәйкес инновациялық, бәсекеге қабілетті отандық өнім жасау;

      4) химия және мұнай-химия салаларында тиімділігі жоғары және инновациялық өндірістер, соның ішінде жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірістер құру, өнімнің жаңа түрлерін шығаруды игеру;

      5) қолайлы инвестициялық ахуал құру, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін отандық және шетелдік инвестициялар тарту мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктері негізінде химия, мұнай-химия салаларын кешенді дамыту;

      6) республика экономикасының әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне енуін жандандыру үшін өңірді жедел дамыту;

      7) басқару мен шаруашылық жүргізудің қазіргі заманғы әдістерін енгізу;

      8) әлеуметтік мәселелерді шешу, халықтың жұмыспен қамтылуын арттыру;

      9) металлургия өнеркәсібін және металл өңдеу саласын дамыту, атап айтқанда, әлемдік сауда таңбаларын өндірушілерді тарту жолымен дайын бұйымдарды өндіру;

      10) тереңдете өңдеу және қосылған құны жоғары бәсекеге қабілетті өнімдерді кеңінен шығару жөніндегі әлемдік деңгейдегі өндіруші өнеркәсіп, оның ішінде металлургия, металл өңдеу, метал емес минералдық өнімдер, резина және пластмасса бұйымдары металлургия өнеркәсібі мен металл өңдеу салаларын құру мен дамыту жөніндегі серпінді инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асыру мақсатында құрылған.

ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 624 «Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы» қаулы шенберінде «Павлодар» аранайы экономикалық аймағынын қызмет түрлері:

      1) мыналарды:

      тамақ өнімдерін өндіруді;

      сусындар шығаруды;

      темекі бұйымдарын өндіруді;

      жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді;

      сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;

      жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;

      жиһаз шығаруды;

      машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;

      2) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру болып табылады.

        АЭА аумағында салықтық және кедендік преференциялар әрекет етеді.

БИЖ ТЭН сәйкес «Павлодар» АЭА инфрақұрылымын салу құны 21,0 млрд.теңге, соның ішінде 5,1 млрд.теңгеге кедендік терминал, техникалық су құбыры, «Павлодар» АЭА аумағын қоршау, электрмен қамтамасыз ету, автожол, шаруашылық-тұрмыстық кәріз және шаруашылық-тұрмыстық кәрізді тазарту қондырғысын салу аяқталады.

Қазіргі уақытта «Павлодар» АЭА 67,0 млрд. теңгеден астам сомаға он жоба іске асырылды.

- «Каустик» АҚ - каустикалық сода, хлор, натрий гипохлориті мен тұз қышқылы өндірісі;

- «Металлогамма» ЖШС - АСПМ өнімдерінің өндірісі;

- «БО-НА» ЖШС - залалсыздандыру құралдарының өндірісі;

- «УПНК-ПВ» ЖШС - қыздырылған мұнай коксының өндірісі;

- «АгроХимПрогресс» ЖШС - агрохимия өнімдерінің өндірісі;

- «EvooilKazahkstan» ЖШС – май өнімдерінің өндірісі;

- «Giessenhaus»  ЖШС - производство легированного алюминия;

- «Вектор Павлодар» (КиК Павлодар) ЖШС –автомобил дөнгелектер өнімдерінің өндірісі;

- «LeichtMetall KZ» ЖШС – легірленген алюмини өнімдерінің өндірісі;

- «RTF PVL» ЖШС – мұнай өндірісінің өнімдерінің жасау.