• 1.jpg
  • 2.jpg
  • 3.jpg
  • 4.jpg
  • 5.jpg
  • 6.jpg
  • 7.jpg

   2018 жылғы 17 шілдеде Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Павлодар облысына жұмыс сапары өтті.

   Өңірге сапар барысында Мемлекет басшысы Павлодар АЭА болды, онда алюминий және теміржол кластерлері кәсіпорындарымен және олар шығаратын өніммен танысты. Павлодар АЭА дамыту туралы облыс әкімінің орынбасары Ж.С. Шарабасов баяндады.

   Кәсіпорындардың ағымдағы қызметі мен даму перспективалары туралы «Қазақстан алюминийі» АҚ, «ГиссенХаус» ЖШС, «КиК Павлодар» ЖШС, «Проммашкомплект» ЖШС, «Р.В.С. Конкрит» ЖШС, «Р.В.С. Байдинг» ЖШС, «Р.В.С. Вилсет» ЖШС басшылары баяндады.

   Бұдан кейін Мемлекет басшысы «Қазэнергокәбіл» АҚ-та болды, онда кәбіл-өткізгіш өнімінің өндірісімен танысты және «ПМХЗ» ЖШС-те болды, онда зауытты жаңғырту қорытындылары таныстырылды.

   Сапар шеңберінде облыстың бірқатар кәсіпорындарының басшылары Мемлекет басшысының төрағалығымен Павлодар облысын әлеуметтік-экономикалық дамыту, «Рухани жаңғыру»  жобасын және Бес әлеуметтік бастаманы іске асыру мәселелері бойынша өткен кеңеске қатысты. (В.Бугаевтың суреттері)