• 1.jpg
  • 2.jpg
  • 3.jpg
  • 4.jpg
  • 5.jpg
  • 6.jpg
  • 7.jpg

2018 жылғы 27 қыркүйекте облыс индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Н.Ж. Сейітмағамбетовтің төрағалығымен қоғамдық және жол қауіпсіздігін арттыру саласын цифрландыру мәселесі бойынша  Павлодар облысының әкімшілік полициясы,  ішкі істер департаментінің техникалық қызмет басқармасы қызметкерлерінің, облыс қаржы басқармасының, «Павлодар» ӘКК» АҚ, Павлодар қаласының  әкімдігі,   «Транстелеком» АҚ өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті.  Павлодар, Екібастұз,  Ақсу қалаларында  мемлекеттік-жекешелік әріптестік үлгісі бойынша фото-бейне фиксациялау және бейнелік талдау жүйесін дамыту мәселесі талқыланды. Талқылау қорытындысы бойынша және айтылған ұсыныстарды ескере отырып, тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылданды.