• 1.jpg
  • 2.jpg
  • 3.jpg
  • 4.jpg
  • 5.jpg
  • 6.jpg
  • 7.jpg

    Облыс делегациясы Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Н.Ж. Сейітмағамбетовтің басшылығымен 2018 жылғы 7-8 қазанда Австрия Республикасының Линц қаласында, сондай-ақ 2018 жылғы 8-10 қазанда Германия Федеративтік Республикасының Дюссельдорф қаласында сапармен болды.

    Сапар барысында делегация Браунау қаласының бюргомайстері Йоханнес Вайдбахер мырзамен кездесті, онда Браунау бизнес өңірінің таныстырылымы, Павлодар облысы делегациясының таныстырылымы, Business Upper Austria компаниясының таныстырылымы, университеттен тыс зерттеулер таныстырылымы тыңдалды. Тараптар алда өңіраралық қарым-қатынастарды нығайту туралы уағдаласты.

    Австрияның жетекші өнеркәсіп объектілерімен, атап айтқанда,  алюминий өнеркәсібі саласында зерттеулермен айналысатын мамандандырылған ғылыми зерттеу орталығы - «LKR Leichmetallkompetenzzentrum Ranshofen GmbH» компаниясымен танысты, онда Қазақстан Республикасы Павлодар облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы мен «LKR Leichmetallkompetenzzentrum Ranshofen GmbH» компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

    Сонымен қатар, болашақ кластерді толықтыру үшін жоғары технологиялы жаңа өнімдер өндіру және тұрақты дамыту кепілзаты ретінде инжинирингтік орталық пен зертханалар құру жолымен ғылыми әзірлемелер үшін жағдай жасау қажеттілігі бар.

    Инжинирингтік орталық құру техникалық және шетелдік ғылыми орталықтармен әріптестік қарым-қатынастарды дамыту бойынша мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.

    Сондай-ақ, делегация Дюссельдорф қаласында «ALUMINIUM 2018» ірі көрмесіне және Герамниядағы «Қазақинвест» АҚ өкілінің қатысуымен В2В өткізуге қатысты.