• 1.jpg
  • 2.jpg
  • 3.jpg
  • 4.jpg
  • 5.jpg
  • 6.jpg
  • 7.jpg

    2018 жылғы 13 қарашада облыстық радио, «Ertis», «Ирбис» телеарналарының, «Звезда Прииртышья» газетінің журналистері Ақсу қаласында болды.

    Баспасөз-туры барысында журналистер «ЭКострой-Аксу» ЖШС-тің Ақсу ферроқорытпа зауытының металлургиялық шлактарынан құрылыс толтырғыштарын өндіру және «ПК «КАЗРУДПРОМ» ЖШС-тің фр. 0-10мм жоғары көміртекті феррохромды балқытудан шлактарды байыту жобаларында іске-қосу орнату жұмыстарының барысымен танысты.

    Кәсіпорындардың басшысы С.А. Головин іске асырылу барысы, жобалардың мақсаты мен міндеттері, жоспарланған өткізу нарықтары туралы баяндады.

    Журналистер ескірген және қайтармалық шлактарын қайта өңдеу және Павлодар облысында аналогтары жоқ құрылыс толтырғыштарының, минералдық қоспалардың, тұтқыр құрылыс компоненттерінің, толтырғыштарының технологиялық өндірісімен танысты.