• 1.jpg
  • 2.jpg
  • 3.jpg
  • 4.jpg
  • 5.jpg
  • 6.jpg
  • 7.jpg

   Павлодар қаласына а. ж. 28 ақпанда Ресей аймағының губернаторы А. Л. Бурков бастаған Омбы облысының делегациясы келді.

   Делегация құрамында Омбы облысының мемлекеттік органдары - экономика, өнеркәсіп және көлік, ауыл шаруашылығы, білім, мәдениет министрліктері, сондай-ақ өнеркәсіп, АӨК, вқпараттық технологиялар, электр техникасы салалары компанияларының, жоғары оқу орындарының басшылары болды.

   Екі өңірдің ресми кездесуі «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-та өтті, оның қорытындысы бойынша облыстар басшылары кездесу Хаттамасына қол қойды, ол  цифрландыру, білім беру, денсаулық сақтау және туризм саласында шағын және орта бизнес мүдделерін өзара қолдауға, өнімнің жаңа түрлері туралы ақпараттармен алмасуға, жаңа әріптестер іздестіруде жәрдемдесуге бағытталған,  

   Сапардың негізгі мақсаты өңірлер арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту болды.

   Делегация сапары шеңберінде Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы Омбы облысының сауда-өнеркәсіп палатасымен бірлесіп Павлодар және Омбы облыстарының іскери топтары үшін В2В форматында бизнес-кездесу ұйымдастырды.

   Кәсіпорындар арасында ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумдар мен келісімдерге (ИнЕУ), Талисман ЖК (Омбы облысы) және "PROGRESS GROUP PLUS" ЖШС (Павлодар облысы) туризм саласындағы ынтымақтастық туралы, "Белград" ЖШС (Павлодар) және "Сибирь" өндірістік жабдықтау орталығы" ЖШҚ (Омск) (халық тұтынатын тауарлар), "Интерфуд" ЖШС (Павлодар) және "Омбы» минералды су құю зауыты" ЖАҚ ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасты. Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы "ИнтерСиб" халықаралық көрме орталығы" ААҚ-пен "Промтехэкспо" Сібір инновациялық-өнеркәсіптік форумын (2019 жылғы 20-22 Наурыз) өткізуге жәрдемдесу туралы уағдаластығыққа қол жеткізді, "ТД "Электроточприбор" ЖШҚ (Омбы облысы) мен "Мастек-НС" ЖШС (Павлодар облысы) арасында меморандум жасалды.

   Омбы облысының губернаторы А. Л. Бурков Железин ауданындағы "Пахарь" агроқалашығының  жұмысымен, "Павлодар" арнайы экономикалық аймағымен, Назарбаев Зияткерлік мектебінің және облыстың басқа да бірқатар әлеуметтік объектілері мен өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмыстарымен танысты.