• 1.jpg
  • 2.jpg
  • 3.jpg
  • 4.jpg
  • 5.jpg
  • 6.jpg
  • 7.jpg

   Облыс әкімінің орынбасары Қ.Т. Нүкеновтің төрағалығымен Павлодар облысының әкімдігі жанындағы өңірлік үйлестіру кеңесінің ағымдағы жылғы  алғашқы кеңесі ҚР индустриялық-ипнновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру туралы  2019 жылғы 18 наурызда  өтті.

   Кеңес отырысында мынадай мәселелер қаралды:

  1. Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізу үшін жобаларды қарау;
  2. Жобаларды іске асыру мерзімдерін ауыстыру,
  3. Кәсіпкерлікті қолдау картасынан жобаларды шығару

   Кеңес мүшелерінің қарау және талқылау қорытындысы  бойынша келесідей шешім қабылданды: «Павлодар облысында күл үйінділерін толықтай өңдейтін  комбинат салу» жобасы Кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізілді, жобаның бастамашысы - «Салават КДМ» ЖШС, жалпы инвестиция көлемі  - 33,9 млдр. теңге, 240 жұмыс орыны ашылады.