• 1.jpg
  • 2.jpg
  • 3.jpg
  • 4.jpg
  • 5.jpg
  • 6.jpg
  • 7.jpg

   2019 жылғы 8-9 сәуірде Павлодар қаласына "Қазақстан индустриясын дамыту институты" АҚ мемлекеттік қолдау орталығының директор орынбасары Ербол Тапринұлы Тапишев келді.

   Сапар барысында индустриялық-инновациялық даму басқармасында облыс кәсіпорындарымен еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары бойынша семинар өткізілді. Семинарға шамамен 20 кәсіпорын қатысты. Осы бағдарлама бойынша шығындарды өтеуге қатысты барлық сұрақтарға жауаптар берілді.

   Мемлекеттік қолдау шараларын іс жүзінде қолдану мақсатында кәсіпкерлік субъектілеріне бару ұйымдастырылды, бару барысында қолдау шараларына, шығындарды өтеу тәртібіне және өтінімдерді қарау мерзімдеріне қатысты ұсынымдар берілді. Атап айтқанда, "Гофротара" ЖШС, "Компания Нефтехим Ltd" ЖШС, "ТЕМІРМАШ" ЖШС, "Проммашкомплект" ЖШС, "СНН" ЖШС, "Мерусар и К"ЖШС бару ұйымдастырылды.

   Кәсіпкерлер тарапынан еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын қолдануға қызығушылық танылды.