• 1.jpg
  • 2.jpg
  • 3.jpg
  • 4.jpg
  • 5.jpg
  • 6.jpg
  • 7.jpg

   2019 жылғы 10-13 маусым аралығында «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ өкілдерінің сапары өтті.

   Сапардың негізгі мақсаты қоршаған ортаға ластаушы заттардың шығарылуын төмендетуге ықпал ететін үздік қолжетімді технологияларға көшу үшін технологиялық зерттеулер жүргізуге дайындық, жасыл технологиялар тізілімін әзірлеу және жасыл технологияларды пайдаланатын немесе енгізетін кәсіпорындарды талдау болып табылады.

   Сапар шеңберінде Орталық өкілдері үшін облыс әкімі Б.Ж. Бақауовпен кездесу және «ПМХЗ» ЖШС, «KSP Steel» ЖШС, «ҚазТрансОйл» АҚ Павлодар мұнай құбыры басқармасы және «Компания Нефтехим LTD» ЖШС кәсіпорындарына бару ұйымдастырылды.

   Кәсіпорындарды аралау барысында Орталықтың өкілдері өндірістің технологиялық процесімен танысып, өз орталығының жұмысын таныстырды және кәсіпорындарда жасыл технологияларды енгізу мүмкіндігін қарастырды.